Жаңалықтар

03 мамыр, 2024
144

«KOREM» АҚ алаңында Қазақстанда ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өтті

1 Фото

2024 жылғы 2-3 мамырда «KOREM» АҚ алаңында Қазақстан Республикасында ГЭС және ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өткізілді.

Семинар ҚР Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысының бірлескен қатысуымен ұйымдастырылды.

Екі күндік семинарға 40-тан астам тыңдаушы қатысты. Шетелдік қатысушылар үшін синхронды аударманы пайдалану мүмкіндігі болды.

Семинардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады.

Семинар модераторы, бас менеджер – «Қазақстандық электр энергиясы және қуат нарығының операторы» АҚ секторының басшысы Александр Тен алғысөз сөйледі. Модератор семинардың барлық қатысушыларымен сәлемдесіп, USAID-тің «Орталық Азия энергетикасы» жобасына, ЖЭК аукциондарын, оның ішінде бүгінгі семинарды өткізуде тұрақты қолдау көрсететіне алғысын білдірді.

USAID-тің «Орталық Азия энергетикасы» жобасы қазіргі уақытта Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша инвестор үшін басшылықты жаңартуды жүргізіп жатқанын атап өткен жөн және жақын арада ол ашық қолжетімділікте болады.

Семинар бағдарламасы бойынша төрт баяндама таныстырылды:

  1. Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту (ҚР Энергетика министрлігі);
  2. Аукциондық сауда-саттық: жаңартылатын энергия көздері («KOREM» АҚ);
  3. ЖЭК аукциондық сауда-саттығын қаржылық қамтамасыз ету («ЖЭК қолдау жөніндегі РФО» ЖШС);
  4. Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау («KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ).

Бірінші болып Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін дамыту департаменті басқармасының басшысы Сұлтан Дүкенбаев баяндама жасады. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша сала көрсеткіштерін белгіледі. 2023 жылғы аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері және Қазақстандағы ЖЭК-ті қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы қысқаша айтып берді.

Бұдан әрі «Аукциондық сауда – саттық: жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында «KOREM» АҚ секторының бас менеджері Александр Тен презентация өткізді.

Александр Тен өзінің баяндамасында Қазақстандағы ЖЭК даму тарихынан бастады, сауда жүйесінде тіркеу рәсімі туралы, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық кестесіне толығырақ тоқталып, 10 маусымнан бастап ГЭС және ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталатынын еске салды.

«ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС ЖЭК бөлімінің бас менеджері Үсенов Руфат «ЖЭК аукциондық сауда-саттығын қаржылық қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады. Ол аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық қамтамасыз етуді енгізу қажеттілігі, олардың түрлері, қайтару, ұстап қалу шарттары туралы хабарлады және шарт тараптарының негізгі міндеттерін (РРА) белгіледі.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ менеджері Унгубаева Томирис өз сөзінде Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдары, инвестициялық жобалардың түрлері мен шарттары және қолда бар инвестициялық преференциялар туралы айтып берді.

Бейнеконференцбайланысқа қатысушылар сессияға белсенді қатысып, барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар алды.